Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 19 мамыр кешімен салыстырғанда доллар 1,55 теңгеге өскен.
АҚШ доллардың орташа бағамы 429, 16 теңге болды.
Ұлттық банктің 20 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427,54 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 429,81 теңге сатылса, ал сатып алу - 426, 25 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 429,06 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны - 427,99 теңге.
Айта кетейік, кеше АҚШ доллары 1,42 теңгеге қымбаттап, оның орташа бағамы 427,54 теңге болды.