Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 25 наурыз кешімен салыстырғанда 0,98 теңгеге өскен. АҚШ ақшасының орташа бағамы 424,43 теңге болды.
Ұлттық банктің 26 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 423,36 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 424,70 теңге сатылса, ал сатып алу - 423,20 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 424,54 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 423,34 теңге.