Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 14 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,37 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 419,55 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 13 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 419,96 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 420,90 теңге сатылса, ал сатып алу - 419,39 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 420,44 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 419,32 теңге.