04 қар, 2020 сағат 09:32

Доллар тағы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңертеңгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3 қараша кешімен салыстырғанда 1,19 теңгеге құлдырап, 1 доллары 432,08 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 4 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 433,3 теңге. 

Айта кетейік, АҚШ доллары осымен екінші күн қатарынан арзандап жатыр.