Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" KASE қор нарығының деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 4, 55 теңгеге қымбаттап, 446, 87 теңге болды.
Айта кетейік, АҚШ валютасының 17 маусымдағы ресми бағамы 442, 17 теңгеге тең еді.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 446, 70 теңге, сатып алу – 451,10 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 447,61 теңгеден болса, сатып алу құны – 449,80 теңге.