Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,09 теңгеге көтеріліп, 453,53 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 26 сәуірдегі ресми бағамы 448,26 теңгеге тең еді.