07 шіл, 2021 сағат 12:36

Доллар қымбаттады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 3 шілде кешімен салыстырғанда 2, 60 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 427, 76 теңге болды. 

Ұлттық банктің 7 шілде күнгі ресми бағамы: 1 доллар – 424, 99 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 427,67 теңгеден сатылса, сатып алу - 429, 22 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 427, 34 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 428, 52 теңге.