06 мам, 2021 сағат 13:36

Доллар қымбаттады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 5 сәуір кешімен салыстырғанда 0,27 теңгеге өскен. 

АҚШ ақшасының орташа бағамы 426, 99 теңге болды. 

Ұлттық банктің 6 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,85 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 426,81 теңге сатылса, ал сатып алу – 428,35 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 424,05теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 429,05 теңге.