Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қор биржасының деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5, 75 теңгеге қымбаттап, 470, 90 теңге болды.
Айта кетейік, АҚШ валютасының 24 маусымдағы ресми бағамы 464, 81 теңгеге тең еді.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 466 теңге, сатып алу – 469 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 465,50 теңгеден болса, сатып алу құны – 468 теңге.