Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,59 теңгеге көтеріліп, 477,98 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 5 тамыздағы ресми бағамы 476,18 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 475,98 теңге, сату - 480,80 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,25 теңгеден сатып алынып, 478,53 теңгеден сатылып жатыр.