Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,80 теңгеге арзандады.
Осылайша, 1 доллар 448, 19 теңге болды. Ал 14 сәуірдегі ресми бағамы 450,17 теңгеге тең еді.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 452, 78 теңге, сатып алу – 457, 95 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 451, 88 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 455, 70 теңге.