15 мау, 2022 сағат 16:40

Доллар қайта қымбаттады


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" KASE қор нарығының деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 2, 33 теңгеге көтеріліп, 438, 43 теңге болды.

АҚШ валютасының 14 маусымдағы ресми бағамы 435, 92 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 438, 50 теңге, сатып алу – 443,50 теңгені құрайды.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 437 теңгеден болса, сатып алу құны – 440,46 теңге.