Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,68 теңгеге төмендеп, 434,76 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 12 мамырдағы ресми бағамы 442,61 теңгеге тең болған.