27 сәу, 2022 сағат 16:30

Доллар қайта арзандады


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,91 теңгеге төмендеп, 449,55 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 27 сәуірдегі ресми бағамы 453,53 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы 447,98 теңге, ал сатылымы - 452,44 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 450,08 теңгеден сатып алады, 452,86 теңгеден сатады.