23 мау, 2022 сағат 17:10

Доллар едәуір қымбаттады


Доллар бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 10,45 теңгеге қымбаттап, 464,81 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 23 маусымдағы ресми бағамы 454,11 теңгеге тең еді.

Kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 464,56 теңге, сатылымда - 469,31 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 464,86 теңгеден сатып алып, 468,53 теңгеден сатып жатыр.