Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы демалыс күндерімен салыстырғанда 0,35 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 427,19 теңге болды.
Ұлттық банктің 5 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,84 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 428,49 теңге сатылса, ал сатып алу - 426,94 теңге.
Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 427,72 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны - 426,63 теңге.
Өткен аптада АҚШ ақшасы 0,10 теңгеге арзандап,1 доллар бағамы 426,84 теңгені құрап, сәл арзандаған еді.