18 мам, 2021 сағат 12:22

Доллар бағасы тағы арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 17 мамыр кешімен салыстырғанда 1, 04 теңгеге құлдырап, 1 доллар 426,43 теңге болды. 

Ұлттық банктің 18 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427, 41 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 427,46 теңге сатылса, ал сатып алу - 425,87 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 425,44 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны - 426,59 теңге.