15 нау, 2022 сағат 12:15

Доллар бағасы сәл қымбаттады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы шамалы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 14 наурыз кешімен салыстырғанда 0, 07 тиынға өскен. 

АҚШ долларының орташа бағамы 511, 81 теңге болды. 

Ұлттық банктің 15 наурыздағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 511, 71 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 515 теңгеден сатылса, сатып алу – 519,89 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 517, 75 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 519, 89 теңге.