Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 1шілде кешімен салыстырғанда 0, 28 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 426,34 теңге болды.
Ұлттық банктің 2 шілде күнгі ресми бағамы: 1 доллар – 426, 05 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,12 теңгеден сатылса, сатып алу - 427, 63 теңге.
Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,24 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 427, 15 теңге.