19 мам, 2021 сағат 13:16

Доллар бағасы қымбаттады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 18 мамыр кешімен салыстырғанда доллар 1,42 теңгеге өскен. 

АҚШ доллардың орташа бағамы 427,54 теңге болды.

Ұлттық банктің 19 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,05 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 428,40 теңге сатылса, ал сатып алу - 426, 87 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 427,46 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны - 426,37 теңге.