Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 29 сәуірдің кешімен салыстырғанда 0,53 теңгеге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 428, 33 теңге болды.
Ұлттық банктің 30 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 427,75 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 429,18 теңге, сатып алу – 427,65 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 429,08 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 427,99 теңге.