25 нау, 2021 сағат 09:36

Доллар бағасы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22-24 наурыз аралығымен салыстырғанда 1,94 теңгеге өскен. АҚШ ақшасының орташа бағамы 423,12 теңге болды. 

Ұлттық банктің 25 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 421,29 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 423,81 теңге сатылса, ал сатып алу - 422,24 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 423,67 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 422,45 теңге.