Доллардың теңгегег шаққандағы ресми бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,61 теңгеге төмендеп, 448,49 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 28 сәуірдегі ресми бағамы 449,55 теңгеге тең еді.