Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 25 қараша кешімен салыстырғанда 0,94 тиынға өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 430,78 теңге болды.
Ұлттық банктің 26 қарашадағы ресми бағамы -1 доллар үшін 429,84 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 432,64 теңгеден сатылса, сатып алу – 434, 23 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 432,35 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 433, 61 теңге.