14 қаз, 2021 сағат 12:40

KASE: Доллар бағасы арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 13 қазан кешімен салыстырғанда 0,42 тиынға арзандап, 1 доллар 425, 67 теңге болды. 

Ұлттық банктің 14 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426, 15 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425, 45 теңге, сатып алу – 426, 93 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,67 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 82 теңге.