Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 21 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0,13 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425, 73 теңге болды.
Ұлттық банктің 22 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 425, 85 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,26 теңге, сатып алу – 426,88 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,78 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 03 теңге.