Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 8 қыркүйектің кешімен салыстырғанда 0,27 теңгеге құлдырап, 1 доллар 426, 11 теңге болды.
Ұлттық банктің 9 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 426, 38 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,80 теңге, сатып алу – 427,30 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,80 теңгеден болса, сатып алу құны – 426,87 теңге.