07 қыр, 2021 сағат 12:27

Доллар бағасы арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 6 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0,86 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425, 19 теңге болды. 

Ұлттық банктің 7 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 426, 26 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,16 теңге, сатып алу – 426, 65 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,19 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 29 теңге.