Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 2 қыркүйектегі бағамен салыстырғанда 1,57 теңгеге құлдырап, 1 доллар 424, 67 теңге болды.
Ұлттық банктің 3 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 426, 34 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,70 теңге, сатып алу – 426,23 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,92 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 05 теңге.