Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22 тамыз кешімен салыстырғанда 0,47 теңгеге арзандап, 1 доллар 426,66 теңге болды.
Ұлттық банктің 23 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,93 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 427,20 теңге, сатып алу – 428,29 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 426,58 теңгеден болса, сатып алу құны – 427,74 теңге.