Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 4 қараша кешімен салыстырғанда 0, 24 тиынға өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 429, 74 теңге болды.
Ұлттық банктің 5 қарашадағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 429, 50 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 429,69 теңгеден сатылса, сатып алу – 431, 17 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 429,80 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 430, 87 теңге.