17 қаз, 2022 сағат 16:40

Доллар бағамы төмендеп жатыр


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,78 теңгеге төмендеп, 472,92 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 15-17 қазандағы ресми бағамы - 476,89 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 474,94 теңге, сату – 478,63 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 473,89 теңгеден сатып алынып, 477,94 теңгеден сатылып жатыр.