04 қаз, 2022 сағат 16:38

Доллар бағамы төмендеп жатыр


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,83 теңгеге төмендеп, 472,68 теңге тең болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 4 қазандағы ресми бағамы - 475,51 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 472,86 теңге, сату – 477,12 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 472,08 теңгеден сатып алынып, 476,14 теңгеден сатылып жатыр.