29 шіл, 2022 сағат 16:55

Доллар бағамы төмендеп жатыр


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,77 теңгеге төмендеп, 477,09 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 29 ​​шілдедегі ресми бағамы - 478,78 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 475,89 теңге, сату – 480,11 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,28 теңгеден сатып алынып, 479,28 теңгеден сатылып жатыр.