01 қар, 2022 сағат 16:48

Доллар бағамы төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,01 теңгеге төмендеп, 466,22 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 1 қарашадағы ресми бағамы - 468,35 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 467,35 теңге, сату – 471,03 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,26 теңгеден сатып алынып, 470,73 теңгеден сатылып жатыр.