Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,16 теңгеге төмендеп, 476,89 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 14 қазандағы ресми бағамы - 479,32 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 475,84 теңге, сату – 479,11 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,92 теңгеден сатып алынып, 478,89 теңгеден сатылып жатыр.