Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,03 теңгеге төмендеп, 476,89 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 29 қыркүйектегі ресми бағамы - 479,39 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы 475,88 теңгеге, сату 480,04 теңгеге тең. Астанада америкалық валютаны орта есеппен 474,79 теңгеден сатып алады, 478,88 теңгеден сатады.