09 қыр, 2022 сағат 16:36

Доллар бағамы төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қортындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,88 теңгеге төмендеп, 473,35 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 9 қыркүйектегі ресми бағамы 477,46 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 472,88 теңге, сату – 477,08 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 471,65 теңгеден сатып алынып, 475,81 теңгеден сатылып жатыр.