Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,76 теңгеге төмендеп, 475,79 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 2 тамыздағы ресми бағамы - 479,51 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 475,97 теңге, сату - 480,10 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,63 теңгеден сатып алынып, 480,08 теңгеден сатылып жатыр.