25 шіл, 2022 сағат 16:40

Доллар бағамы күрт төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,38 теңгеге төмендеп, 475,92 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 23-25 ​​шілдедегі ресми бағамы - 483,88 теңге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 477,86 теңге, сату – 482,32 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,39 теңгеден сатып алынып, 481,55 теңгеден сатылып жатыр.