Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,51 теңгеге төмендеп, 474,92 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 8 шілдедегі ресми бағамы - 477,24 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 473,43 теңге, сату - 478,21 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 470,87 теңгеден сатып алынып, 474,36 теңгеден сатылып жатыр.