30 мам, 2022 сағат 16:41

Доллар бағамы төмендеді


Доллар бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6,29 теңгеге төмендеп, 427,39 теңгеге дейін түсті. Айта кетейік, Ұлттық банк 28-30 мамырда АҚШ валютасының ресми бағамын 433,30 теңге деп белгілеген. 

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық валюта орташа 424,54 теңгеге сатылып жатыр, сатылым бағасы - 429,19 теңге. Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пункттерінен доллар бағамы орташа есеппен 426,29 теңгеден сатып алынып, 429,96 теңгеден сатылып жатыр.