18 сәу, 2022 сағат 16:40

Доллар бағамы төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,60 теңгеге арзандады. Осылайша 1 доллар 449, 85 теңге болды. 

Ал АҚШ валютасының 18 сәуірдегі ресми бағамы 1 долларға 454,85 теңге тең еді. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 452, 80 теңге, сатып алу – 456 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 450, 43 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 453, 73 теңге.