Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 24 наурыз кешімен салыстырғанда 1, 24 теңгеге төмендеп, 494, 03 теңгеге тең болған.
Ұлттық банктің 25 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 495, 43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы - 492 теңге, сатып алу – 496 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 490 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 495 теңге.