16 нау, 2022 сағат 12:36

Доллар бағамы төмендеді


Доллардың теңгеге шаққанда бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Таңғы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,44 теңгеге төмендеп, 508,73 теңге болды. Айта кетейік, 16 наурыздағы доллардың ресми бағамы 512,19 теңгеболды.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 514,99 теңге, сатылымда - 520 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде орташа есеппен 515 теңгеден сатып алып, 520 теңгеден сатып жатыр.