Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 13 сәуір кешімен салыстырғанда 2,47 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 431,11 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 14 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 433,55 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 431,95 теңге, сатып алу – 430,40 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 431,59 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 430, 35 теңге.