06 там, 2018 сағат 10:15

Доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 348,89 теңгені құрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" KASE-ге сілтеме жасап.

Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 0,92 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 348,2 теңге, ал ең жоғарысы - 349,71 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 44,6 млн долларға жетті.

Жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 349,81 теңге, күндізгі сессияда 349,72 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 349,76 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 146,8 млн долларды құрады.