03 мам, 2023 сағат 16:40

Доллар бағамы тағы төмендеді

сурет ашық дереккөзден алынды

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 6,45 теңгеге төмендеп, 442,52 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 3 мамырдағы ресми бағамы - 449,15 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 444,54 теңге, сату – 448,21 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 444,03 теңгеден сатып алынып, 448,28 теңгеден сатылып жатыр.