Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,50 теңгеге арзандап, 470,45 теңге болады. Айта кетейік, АҚШ валютасының 23 тамыздағы ресми бағамы - 473,99 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 469,81 теңге, сату - 474,19 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 469,04 теңгеден сатып алынып, 473,53 теңгеден сатылып жатыр.