25 мам, 2022 сағат 17:00

Доллар бағамы тағы төмендеді


Доллар бағамы тағы да төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,67 теңгеге төмендеп, 415,12 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 24 мамырдағы ресми бағамы 416,91 теңгеге тең еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы 415,34 теңге, ал сатылымда - 419,17 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 413,79 теңгеден сатып алып, 416,56 теңгеден сатып жатыр.